«Жана Роса» — қазақстандық нарықты сапалы әрі сұранысқа ие отандық өнімдермен қамтамасыз етіп отырған заманауи кәсіпорын. Кәсіпорынның тұрақты жұмысы отандық өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын сақтау және кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.
«Ақ жол» партиясы «Жана Роса» кәсіпорынның жұмысымен танысты
фото: «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметінен алынды
135
оқылды

«Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды штабының мүшелері Павлодар өңіріндегі алдыңғы қатарлы отандық кәсіпорындардың бірі — «Жана Роса» зауытына барды, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ақ жол» демократиялық партиясы

Сапар барысында штаб мүшелері кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндірістік цехтарды аралады. Азық-түлік және алкогольсіз сусындар өндірісінің барысын көзбен көріп, отандық өнімнің қалай дайындалатынына куә болды.

Кәсіпорын ұжымымен өткен кездесуде «Ақ жол» партиясының төрайымы Дания Еспаева партияның Құрылтай сайлауына арналған бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, бизнестің мүддесін қорғау және экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталған нақты ұсыныстарға тоқталды.

Қазір «Жана Роса» кәсіпорнында 200-ден астам адам еңбек етеді. Кездесу барысында ұйымшыл әрі еңбекқор ұжымның өкілдері өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысты.