Жетісу облысында «Ауыл» партиясы жетісулық жұмысшылармен кездесті сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидат Асхат Бәзілов «Дәмді» жеке кәсіпкерлігінің еңбек ұжымымен жүздесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүздесу барысында кандидат «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, еңбек ұжымының ұсыныс-пікірлері мен сауалдарын тыңдады.
Сондай-ақ, «Ауыл» партиясының мүшесі Асхат Бәзілов тұрғындар мен еңбек ұжымдарының ұсынысы алдағы жұмыста жетілдіруде маңызды екенін атап өтті.
Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.
