Қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада үшінші орын алды.
Виктор Друзин әртістік жүзуден әлем чемпионатында қола медальға ие болды
Фото: ҚР ҰОК
120
оқылды

Әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Виктор Друзин Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада үшінші орын алды. Виктор Друзин сайыс нәтижесі бойынша 238,5317 ұпай жинады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Ресей өкілі Захар Трофимов (241,2409 ұпай) жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Испания спортшысы Энеко Санчес Агилар (240,5016 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты бүгін, 12 тамызда басталды. Бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы топтық бәсекеде де техникалық бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.