Театр ұжымы биылғы маусымның алғашқы қойылымы ретінде «Абай–Тоғжан» спектаклін көрерменге тарту етті. Қойылымның театр репертуарында өзіндік орны бар. Сонымен қатар жаңа маусым барысында көрерменге «Гауһартас», «Қош бол, Гүлсары» секілді қойылымдар ұсынылып, жаңа туындылар мен премьералар сахналанбақ.
Театрдың басты бағыттарының бірі – көрерменге сапалы қойылым ұсынып қана қоймай, сахна арқылы қоғамдағы маңызды тақырыптарды көтеру. Әсіресе жас көрерменнің театрға қызығушылығын арттырып, оның эстетикалық талғамы мен дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ету маңызды. Осылайша, Музыкалық жас көрермен театрының жетінші маусымы жаңа шығармашылық жоспарлар мен тың ізденістерге жол ашты. Ендігі кезекте театр ұжымы жаңа рөлдер мен қойылымдар арқылы көрерменге ой салып, жетінші маусымды мазмұнды әрі есте қаларлық шығармашылық кезеңге айналдыруды көздейді.
Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ
