Полицейлер дүкен ішінде қозғала алмай, әлсіреп тұрған шамамен 50–55 жастағы ер адамды байқаған.
Полицейлер дүкенде есінен танып қалған адамды құтқарды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
176
оқылды

Атырау қаласындағы супермаркеттердің бірінде жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Азат Шынбай мен Еркебұлан Қуанғалиев өзін жайсыз сезінген азаматқа дер кезінде көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Полицейлер дүкен ішінде қозғала алмай, әлсіреп тұрған шамамен 50–55 жастағы ер адамды байқаған. Сақшылар оның жағдайын сұрағанымен, азамат сөйлей алмай, көмекке мұқтаж күйде болған. 

Polisia.kz жазғандай, көп ұзамай ер адамның денесі дірілдеп, жағдайы күрт нашарлай бастаған. Полицейлер бір сәт те кідірместен оны құлап, жарақат алып қалудан сақтап, абайлап жерге отырғызған. Кейін қауіпсіз қалыпта оң қырына жатқызып, басын қорғап, тыныс алуын бақылаған. 

Бір мезетте “103” нөміріне хабарласып, жедел медициналық жәрдем шақырған. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін Азат Шынбай мен Еркебұлан Қуанғалиев азаматтың жанынан табылып, жағдайын бақылауда ұстады. Күнделікті қызметте ерлік әрдайым үлкен оқиғалармен өлшенбейді. Кейде адам өміріне қауіп төнген сәтте абдырамай, дұрыс шешім қабылдап, дер кезінде көмек көрсету – нағыз батылдықтың белгісі. 

Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекеті олардың кез келген жағдайда азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етуге дайын екенін көрсетті

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.