Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
102
оқылды

Мемлекет басшысына биыл 23 тамыз күні өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы мәлімет берілді✔️, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Президент бұл сайлау науқанының тарихи сипаты мен қоғамдық-саяси маңызы айрықша екенін атап өтті.✔️

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ашық әрі барлық қатысушыға тең жағдай жасау арқылы өткізу қажеттігіне баса назар аударды.