Respublica республикалық сайлауалды штабының мүшелері Батыс Қазақстандағы ең көне зауыттардың бірі — 70 жылдан астам тарихы бар «УральскАгроРеммаш» АҚ-да болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, Құрылтай депутаттығына кандидаттар Махамбет Амангелді, Айдос Досқалиев пен Ерболат Мұхамеджан ұжыммен өндірісті қолдау, салық реформасы, отандық өндірушіні қорғау және кадр саясаты мәселелерін талқылады.
Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, Құрылтай депутаттығына кандидаттар Махамбет Амангелді, Айдос Досқалиев пен Ерболат Мұхамеджан ұжыммен өндірісті қолдау, салық реформасы, отандық өндірушіні қорғау және кадр саясаты мәселелерін талқылады.
Өнеркәсіпті дамыту және әлеуметтік жауапкершілік туралы Айдос Досқалиев сөз қозғады. Ол — нейрохирург, PhD докторы, Ұлттық нейрохирургия орталығының стратегия және ғылым жөніндегі директоры. Оның айтуынша, әрбір зауыттың артында адамдар тұр — олардың отбасы, балалары, болашағы.
Құрылтай депутаттығына кандидат, партияның Павлодар облыстық филиалының төрағасы Махамбет Амангелді кадр тапшылығы мен басқару сапасына тоқталды:«Respublica қатарындамын, себебі партияның көзқарасы — уәдемен шектелмей, нақты нәтижеге жету — менің де ұстанымым. Менің ұсыныстарым — МӘМС тиімділігін арттыру, цифрландыру және жоғары технологияларды қолдау. Біз Қазақстан жаңа шешімдерді өзі жасайтын елге айналуы тиіс деп санаймыз», — деді ол.
ің мәнін түсінбейтін адам дұрыс шешім қабылдай алмайды. Respublica — кәсіпкерлер партиясы, біз нақты сектордың ауыртпалықтарын іштей білеміз. Адал еңбек пен таза ниет әрқашан нәтижеге жеткізеді. Біз қабылдайтын заңдар 20 миллион адамға әсер етеді, мұнда қателесуге болмайды. Жағдайды өзгерту үшін бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет».«Нақты сектор экономикасын басқаруға кәсіби мамандар келгенде ғана дамиды. Бизнест
«УральскАгроРеммаш» ұжымымен кездесу Respublica-ның еңбек ұжымдарымен диалогындағы кезекті қадам болды. Партия өндірісті дамыту, кәсіпкерлерді қолдау және әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін аймақтардағы ұсыныстарды жинап, оларды нақты заңнамалық шешімдерге айналдыруды жалғастырады.
