Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті хабарлады.
Әдепсіз пікір жазған шетелдік Қазақстаннан шығарылды
168
оқылды

Астана қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, шетел азаматы Г.К. әлеуметтік желідегі арандатушылық және әдепсіз сипаттағы пікірлері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сот шешімімен ол Қазақстан аумағынан шығарылды. Сонымен қатар шетелдікке 5 жыл бойы Қазақстанға кіруге тыйым салынды.