«Ауыл» партиясы отандық өндірісті дамыту, еңбек адамының мәртебесін арттыру, жұмыс орындарын сақтау және кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін қозғады.
«Ауыл» партиясы Абай облысының жұртшылығымен жүздесті
фото: «Ауыл» партиясының баспасөз қызметінен алынды
111
оқылды

Абай облысында «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Балнұр Ахметова аяқкиім фабрикасының еңбек ұжымымен жүздесті,- деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын қызметкерлерімен өткен ашық диалог барысында «Ауыл» партиясы отандық өндірісті дамыту, еңбек адамының мәртебесін арттыру, жұмыс орындарын сақтау және кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін қозғады.

Сондай-ақ, фабрика ұжымы өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, өңірдегі өндіріс саласының дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.