Ол қаржы пирамидасын жарнамалаған кезде жаман ойы болмағанын айтты.
«Салымшылардан кешірім сұраймын...»: Мейіржан Төребаев өкінішін айтты (видео)
Фото: видеодан скрин
164
оқылды

Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша айыпталған вайнер Мейіржан Төребаев Майя Бекбаеваға сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Ол қаржы пирамидасын жарнамалаған кезде жаман ойы болмағанын айтты. Сонымен қатар пирамидаға қаржы салған жандардан кешірім сұрады. 

«Жарыссөзде де кешірім сұрағанмын. Қазір де салымшылардан шын жүректен кешірім сұрағым келеді. Арам ойым болған жоқ, осылай болғаны өте өкінішті», – дейді вайнер.

Ол бес жылға бас бостандығынан айырылған уақытта анасы қатты уайымдағанын айтты. Сонымен бірге қиын кезеңде қолдау білдірген жұбайына алғыс білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.