Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жасөспірімдер арасында Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Жерлесіміз қоссайыс қорытындысы бойынша 237 (104+133) келіні еңсерді.
ҚР ҰОК мәліметінше, екінші орынды Өзбекстан өкілі Дильнура Холдорова иеленді - 224 (101+123) келі. Үздік үштікті тағы бір өзбекстандық Дильноза Файзуллаева түйіндеді - 223 (100+123) келі.
Айта кетейік, бұған дейін Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алса, жас жеткіншектер арасында Ксения Прозорова (61 келіге дейін) топ жарған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
