Арқалық қаласының әуежайына IATA халықаралық коды - AYK ресми түрде берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Көлік министрлігі әуежайға IATA кодын беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.
Көлік министрлігі мәліметінше, жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 12 тамызда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Арқалық әуежайына үш әріптен тұратын AYK ресми кодын берді.
Бұл код бұған дейін Арқалық қаласының әуежайында қолданылған және қазіргі уақытта қалпына келтірілді. Аталған код бірегей болып табылады және Арқалық әуежайын әлемдік брондау және әуебилеттерін рәсімдеу жүйелеріне, рейстер кестесіне, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да жаһандық ақпараттық жүйелерге интеграциялауға мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
