Үш сетке созылған матч Рыбакинаның 5:7, 6:2, 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды.
Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты
Фото: ҚТФ
94
оқылды

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Коко Гауффпен кездесті.

Үш сетке созылған матч Рыбакинаның 5:7, 6:2, 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 2 сағат 2 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бес эйс жасап, бір рет қос қателікке жол берді және 11 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Теннис федерациясы мәліметінше, финалда қазақстандық теннисші әлемнің жетінші ракеткасы польшалық Ига Швентекпен кездеседі. Швентек жартылай финалдағы кездесуінде әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұрған украиналық Элина Свитолинаны жеңді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.