Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының «Шкендия» – «Хиберниан» матчында қызмет етеді. Бұл туралы Футбол федерациясы жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы «Шкендия» (Солтүстік Македония) мен «Хиберниан» (Шотландия) арасындағы үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчына тағайындалды.
Қарымта кездесу 13 тамызда Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де Скопье қаласында (Солтүстік Македония) «Тоше Проески» стадионында өтеді.
Кездесудің бас төрешісі болып Болат Сәриев тағайындалды. Оған ассистенттер Сергей Васютин пен Денис Лабашов көмектеседі, қосалқы төреші міндетін Данил Горда атқарады.
VAR төрешісі болып Айдын Тасыбаев белгіленді, ал оған ассистент ретінде венгриялық Тамаш Богнар көмектеседі.
Шотландияда өткен алғашқы матч «Хибернианның» пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
