Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту.
Бүгін 40-44 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады
Фото: iStock
111
оқылды

Шымкентте, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы 40–44 °C дейін көтеріледі деп күтіледі.
Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жетісу, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бірқатар өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал күтіледі. Найзағай кезінде желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін.

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер:

Шымкент қ.: 14 тамызда күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. 14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

14 тамызда күндіз Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

14 тамызда күндіз Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

14 тамызда күндіз Абай облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.                 

14 тамызда күндіз Түркістан облысында 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. 14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 14 тамызда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 14 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

15 тамызда күндіз Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық сақталады.

15-16 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

15-16 тамызда күндіз Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 40-43 градус өте қатты ыстық сақталады.

14 тамызда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың  шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

14 тамызда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

14 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

14 тамызда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

14 тамызда күндіз Қызылорда облысында 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

14 тамызда Маңғыстау облысының батысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні  15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.     

14 тамызда Атырау облысы бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.  

14 тамызда Батыс Қазақстан облысының  солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

14 тамызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

14 тамызда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

14 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

14 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

14 тамызда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

14 тамызда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

14 тамызда Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

14 тамызда күннің екінші жартысында Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады,  күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

14 тамызда күндіз Абай облысының оңтүстігінде, батысында жаңбыр, найзағай бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.