Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жүлде үшін өткен матчта әлемнің екінші ракеткасы Польша өкілі Ига Швёнтекпен кездесті.
Қазақстандық теннисші қарсыласына екі сетте де есе жіберді. Финалдағы есеп – 2:6, 3:6.
