«Ақ жол» фракциясы жаңа Салық кодексінің қорытынды нұсқасын қолдамағанын ашық айтты. Себебі, бұл құжат кәсіпкерлікке ауыр жүк салады. Партия алдағы уақытта да заңды түзету үшін күресті жалғастырмақ.
Қарыз мәселесінен салық реформасына дейін: «Ақ жол» ШҚО-да маңызды кездесу өткізді
фото: «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметінен алынды
111
оқылды

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева бастаған республикалық штаб өкілдері Шығыс Қазақстан облысындағы банк қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында азаматтардың банкроттығы туралы мәселе кеңінен талқыланды. «Ақ жол» бұл мәселені алғаш рет сонау 2014 жылы көтерген болатын. Ұзақ жылғы күрестің нәтижесінде қаржылық қиындыққа ұшырағандарға арналған заң 2023 жылдың наурызында күшіне енді.

Бұдан бөлек, жаңа Салық кодексіне де ерекше назар аударылды. Партия кәсіпкерлерді қорғау мақсатында 100-ден астам ұсыныс енгізіп, ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеруге және салық шегін күрт төмендетуге қатаң қарсы шықты.

«Біз үшін тек құрғақ уәде беру емес, Парламент арқылы қандай бастамаларды өткізе алғанымызды көрсету маңызды. Алдағы мақсат — салық жүктемесін азайту, қаржыны қолжетімді ету және кәсіпкерлікті қорғау. Бұл жұмысты жаңа Құрылтайда жалғастырамыз», — деп атап өтті Дания Еспаева.

Партия өкілдері мамандардан тікелей кері байланыс алып, алдағы уақытта да қарапайым халық пен бизнестің мүддесін қорғау басты назарда болатынын жеткізді.