Америкалық рэпер Канье Уэстің Алматыдағы концерті 15 тамызда өтетін болды, – деп жазды Aikyn.kz.
Концерт негізінен бүгін, 14 тамызда өтуге тиіс еді. Ұйымдастырушылар көрерменге хабарлама таратты.
«Шоу ертеңге, дәл осы уақытқа ауыстырылады. Өкінішке қарай, стадионнан шығуларыңызды сұраймыз. Сіздерді ертең осы уақытта күтеміз. Рақмет», – деді ұйымдастырушылар.
Рэпердің өзі де бұл ақпаратты растады.
Концерттің не себепті ауыстырылғаны әзірге белгісіз. Көпшілік бұған жаңбырлы ауа райы себеп болуы мүмкін екенін айтып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
