Синоптиктер күндіз еліміздің 10 өңірінде аптап ыстық болатынын болжады.
43°С ыстық, дауыл, найзағай: 15 тамызға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
101
оқылды

Қазгидромет 15 тамыздағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Синоптиктердің болжамы бойынша, сенбі, 15 тамызда кей өңірлерде ауа температурасы +43°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Ал бірқатар аймақта найзағай ойнап, бұршақ, аралас жаңбыр жауады.

Синоптиктер күндіз еліміздің 10 өңірінде аптап ыстық болатынын болжады.

+35°С-қа дейін – Ақмола облысында;

+35...+39°С-қа дейін – Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында;

+38...+40°С-қа дейін – Жамбыл облысында;

+40...+43°С-қа дейін – Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде.

+41°С-қа дейін – Абай, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында бұршақ жаууы мүмкін, ал солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және оңтүстікте дауыл тұрады. Қазақстан бойынша жел күшейеді, күндіз батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады, ал батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.