Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтында БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) Demographic Futures Survey 2026 атты жаңа жаһандық зерттеуінің нәтижесінде айтылды.
Махаббат жастардың некеге тұруының басты себебі болып қала береді
161
оқылды

58,5% жас респонденттер үшін неке ең алдымен отбасы құру мақсатындағы ерлі-зайыптылар одағы болып саналады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ал некеге тұрудың негізгі себебі ретінде 65,6% махаббатты, 16,7% ортақ көзқарастар мен мүдделерді, 7,3% балалы болуды, 5,9% ата-анадан тәуелсіз болуды атаған. Демек, жас буынның басым бөлігі үшін неке өзінің отбасылық және эмоциялық мәнін сақтап отыр.