12-26 наурыз аралығында қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін өткізді. «Теміржол қызметкерлері болса, билет кассаларында бір-бірінен 2 метр қашықтық ұстау керегін түсіндіріп жатырмыз. Ал жолаушылар пойызында жолсеріктер жолаушылардың денсаулығын қадағалауда. Вагондарды жинау кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр және дезинфекция жасау ережелері сақталуда», – дейді олар.2020 жылдың 19 наурызында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында осы жылдың 22 наурызынан бастап карантин енгізілетіні жарияланғаннан кейін екі қалаға барлық бағыттағы жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылды. Қазақстандықтардың билеттерді қайтарып жатқаны назарға алына отырып, келушілер вокзалға тек маскамен бір есіктен кіруде. Перронға шығатын жол толықтай жабылды. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы вокзалдарда барлық сауда нысаны жабық. Карантин кезінде жалға алушылармен келісім тоқтатылған.
Ә.ЖҰМАН