Жиын «Қазығұрт – Юг» кәсіпорнының еңбек ұжымымен өтіп, мұнай-логистика саласының дамуы, теміржол тасымалының тиімділігін арттыру, өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды.
«Ауыл» партиясы мұнай-логистика саласындағы мәселелерді көтерді
фото: «Ауыл» партиясының баспасөз қызметінен алынды
118
оқылды
Шымкент қаласында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов мұнай-логистика саласының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Кездесуге«Ауыл» партиясының өкілдері Ғани Қарабеков, Талғат Айтбаев және Тимур Савин қатысып, Құрылтай депутаттығына байланысты сайлауалды үгіт-насихат науқанын жүргізді.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов еңбек адамының ел экономикасындағы рөлін атап өтсе, Талғат Айтбаев өндірістік және логистикалық кәсіпорындардың стратегиялық маңызына тоқталды.
 
Сондай-ақ еңбек ұжымы тарапынан саладағы өзекті мәселелер мен ұсыныстар көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.