Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді
1 алтын, 3 күміс: Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиададан олжалы қайтты
122
оқылды

Ташкент қаласында 92 елден 375 оқушы қатысқан Информатикадан халықаралық IOI 2026 олимпиадасы аяқталды.

Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлде иеленді. Ұлттық құрама 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды. Бұл - Қазақстан құрамасының олимпиада тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі.

Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, әлемдік жеке есепте 5-орын иеленді. Осылайша ол әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді.

Күміс медаль иегерлері:

Алдияр Сейтбай - Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Мансур Мамадахунов - Қызылорда облысындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Асқар Әкежан - Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.

Қазақстан құрама жетекшілері:

Сатылханов Темірлан – Astana IT University бас жаттықтырушысы;

Қуанышбай Айбар – International University of Information Technology синьор-лекторы.