Жоба аясында 260 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
Қостанайда жаңа өндіріс іске қосылып, 260 жұмыс орны ашылмақ
145
оқылды

Қостанайды 19 тамызда «Баян Сұлу» АҚ жаңа технологиялық өндірістік кешенінің тұсаукесерін өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құны 14 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жоба кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 16,6 мың тоннаға арттыруды көздейді. Жаңа желілер толық қуатына шыққан жағдайда, компания жылына 68 мың тоннаға дейін кондитерлік өнім өндіре алады.

Жаңа кешенде бисквит пен печенье өндірісінің көлемін ұлғайту жоспарланған. Сонымен қатар қазақстандық ауыл шаруашылығы шикізатын, оның ішінде ұн мен сірнені өңдеу көлемі артады.

Жоба аясында 260 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Компания өкілдерінің айтуынша, өндірістің кеңеюі отандық шикізатты өңдеу көлемін арттырып, қосылған құны жоғары өнім шығаруға және экспорттық әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында журналистер жаңа өндірістік кешенді аралап, технологиялық желілердің жұмысымен танысады. Кәсіпорын басшылығы инвестициялық жобаның негізгі көрсеткіштері, өндіріс желілерінің мүмкіндіктері және алдағы жоспарлар туралы ақпарат береді.