Атырау облысындағы ерлер колониясына тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілді.
Атырауда колонияға телефонды пюре мен қарақұмықтың арасына жасырып кіргізбек болған
147
оқылды

Бұл жолы телефонды мекеме аумағына тағам өнімдерінің арасына жасырып өткізбек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде №15 мекеме қызметкерлері жүргізген тексеру барысында ұялы телефонның пюре мен қарақұмықтың арасына жасырылғаны анықталды.

Мекеме қызметкерлері тыйым салынған затты колония аумағына кіргізу әрекетін дер кезінде тоқтатты.

Аталған факті бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу үшін бақылау және профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі.