Дастан Сәтпаевтың «Бернли» сапында алаңға шықпау себебі белгілі болды
Дастан Сәтпаевтың «Бернли» сапында алаңға шықпау себебі белгілі болды
118
оқылды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Бернлидің» бүгінгі матчына өтінімге енген жоқ. «Спорт Шредингера» телеграм арнасының мәліметінше, бұған жарақат емес, қажетті құжаттардың рәсімделіп үлгермеуі себеп болған.

Дереккөз клубтың Сәтпаевты матчқа тіркеу үшін қажетті құжаттарды уақытында рәсімдеп үлгермегенін хабарлады. Басылым мәселе футболшының Ұлыбританиядағы жұмыс визасына байланысты болуы мүмкін деп болжап отыр.

Сәтпаев «Челсиден» «Бернлиге» бір маусымға жалға берілген. «Бернли» келесі кездесуін 23 тамызда өткізеді. Осы уақытқа дейін қазақстандық футболшының құжаттары толық рәсімделеді деп күтілуде.