Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады.
Алғашқы кездесуінде Рыбакина әлемдік рейтингте 94-орында тұрған америкалық Тэйлор Таунсендті екі сетте жеңді. Матч 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.
Үшінші айналымда Рыбакина әлемнің 41-ракеткасы, польшалық Магдалена Фрешпен кездеседі.
Рыбакина Цинциннатиде былтырғы жартылай финал үшін алған рейтингтік ұпайларын қорғап жатыр. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшінің әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігі бар.
