Жиынды «Байтақ» жасылдар партиясының Жамбыл облыстық филиалының жастар қанаты ұйымдастырды.
Кездесуде жастарға партияның қызметі, жүзеге асырылып жатқан жобалары мен негізгі жұмыс бағыты кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар өңірдегі экологиялық ахуалға қатысты мәселелер қозғалды. Ауа сапасын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, қалалар мен ауылдарды көгалдандыру және таза әрі жайлы орта қалыптастыру.
Жиында «Автомагистраль бойындағы жасыл белдеу» жобасы таныстырылды. Бастама жол бойындағы аумақтарды көгалдандыруға, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға бағытталған.
«Табиғатты қорғау, айналаны таза ұстау, жасыл желекті сақтау – бәрімізге ортақ жауапкершілік. Әсіресе, бұл істе жастарға артылар жүк ауыр», – деді ұйымдастырушылар.
«Байтақ» партиясының Жамбыл облыстық филиалының жастар қанаты өкілдері экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жастардың белсенділігі маңызды екенін атап өтті.
Кітапхана ұжымына сайлауалды бағдарлама таныстырылды
Өскеменде «Байтақ» партиясының сенімді өкілдері Бақытжан Көпжасаров пен Айдана Несіпбек Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұжымымен кездесті.
Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырылып, оның негізгі бағыты мен атқарылған жұмысы жайлы айтылды.
Шарада экология және қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қоғамды алаңдатқан өзекті түйткілдер талқыланып, тараптар өзара пікір алмасты.
Гидроэнергетика мен су ресурстарын ұтымды пайдалану
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаты Владимир Мартель Алматы облысындағы Ш.Шоқин атындағы Қапшағай ГЭС ұжымымен кездесті. Жиынға 60-қа жуық адам қатысты.
Шарада кандидат партияның негізгі жұмыс бағыты мен сайлауалды бағдарламасын жан-жақты таныстырды. Сондай-ақ энергетика саласына қатысты бастамаларға тоқталды.
Тараптар гидроэнергетиканы дамыту, су ресурстарын ұтымды пайдалану, энергетикалық нысандардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сонымен қоса энергия тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия көздерінің Қазақстанның тұрақты дамуындағы рөлі сөз болды.
Кездесу ақпараттық-түсіндіру және пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар энергетика мен экология саласындағы өзекті мәселелер бойынша ой бөлісті.
