Үш тілде белгіленген жәшіктер тауда бағдарынан адасып, ТЖМ бақылау бекетіне келген адамдарға арналған.
Биік таулы аймақтарда туристер үшін авариялық қор жәшіктері орнатылуда
Фото: gov.kz
122
оқылды

Биік таулы аймақтардағы ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ бақылау бекеттерінің жаңа модульдік ғимараттарына туристерге арналған арнайы авариялық қор жәшіктері орнатылуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Авариялық қор адамды уақытша қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге есептелген. Оның құрамында 10 литр ауызсу, бір бума отын, дәрі қобдишасы, екі тәуліктік тамақтану рационы, сондай-ақ азық-түліктің бірнеше түрі бар. Олардың қатарында үш түрлі ботқа, екі түрлі бұқтырылған ет, кептірілген нан және тұз бар. Сонымен қатар жәшіктерде сіріңке мен консерві ашқыш қарастырылған.
Мұндай авариялық қорларды жасау – биік таулы аймақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шара. Күтпеген жағдай туындаған кезде турист көмек келгенге немесе жақындарымен байланыс қалпына келгенге дейін қажетті азық-түлік, су және жылыну құралдарын пайдалана алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.