«Ауыл» партиясының өкілдері өзен жағалауындағы қоқысты жинап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлесін қосты.
«Ауыл» партиясы Жайық жағасында тазалық акциясын өткізді
фото: «Ауыл» партиясының баспасөз қызметінен алынды
223
оқылды

Атырау облысында «Ауыл» партиясының белсенді мүшелері Жайық өзенінің жағасында "Таза табиғат — ортақ жауапкершілік" деген ұранмен тазалық акциясын өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөзіне сілтеме жасап.

Акцияға ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаты, «Ауыл» партиясының мүшесі Нұртас Байжанов қатысты.

Экологиялық акцияның басты мақсаты — табиғатты аялау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және туған өлкенің тазалығын сақтауға қоғам болып атсалысу.

Акция барысында қатысушылар өзен жағалауын қоқысын жинап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлесін қосты.