Шағын бизнес шатқаяқтап тұр
Шағын бизнес шатқаяқтап тұр
239
оқылды
Коронавирус өмірімізге көп өзгеріс енгізіп жатыр. Бизнесте де біз күтпеген өзгерістер  басталды: бір ай бұрын ғана табысы тасыған салалар банкроттың алдында тұр. Ал бұған дейін елеусіз болған компаниялар өніміне сұра­ныс артты. Ол компаниялар екі ауысымдық жұмыс жүйесіне көшті. Мұны байқағандар кәсібінің бағытын өз­гертуге ниетті. Бәрінен де карантинге жабылған Нұр-Сұл­тан мен Алматы қалаларындағы кәсіпкерлерге қиын соғып тұр.  

«Жағдай оңалмаса, жабыламыз»

«Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасының дерегіне сүйен­сек, төтенше жағдай кезін­де Нұр-Сұлтан мен Алматы қа­­­­­ласындағы кәсіпкерлік су­бъек­­тілері қызметкерлерінің 40 пайызға жуығын еңбекақы сақ­талмайтын демалысқа жі­бер­­ген, 14 пайызын жұмыстан бо­сатқан. Жұмыстан босату көр­сеткіші Алматыда жоғары, екін­ші орында елорда. Жағдай тү­зелмесе, алдағы уақытта қыз­меткерлерін еңбекақы сақ­тал­май­тын демалысқа жіберуді жос­парлаған кәсіпорын көп. Бәрі әліптің артын бағып отыр. Жұмыстан босату туризм са­ласында жоғары. Аталған са­ла­дан нәпақасын тауып жүрген Ер­нат Солтиев жұмысында ішкі туризмді дамытуға басым­дық беретін. Соңғы үш жылда ше­т­елден, соның ішінде араб ел­де­рі­нен 8 мың турист қа­был­да­­ған екен. Аталған елдерде 10-нан аса серіктесі болған. Ко­ронавирустың салдарынан жа­рияланған төтенше жағдайдан соң наурыз бен сәуір айына  қа­был­даған тапсырыстың бар­лы­ғын кері қайтарыпты. Фир­масында тұрақты жұмыс істе­ген 23 адамның  төртеуінен бас­қасын демалысқа жіберген. Жаз­ға дейін қиындыққа қарсы тұ­рарына сенімді, себебі жаз мау­сымына алған тапсырыстарға үміт артып отыр. Жалпы, кәсіпкерлер кәсібін сақ­тап қалу үшін аянып қалмақ емес. Егер жағдай 2-3 айда қа­лып­қа келсе, онда қауіп жоқ, әйт­песе, бизнесті жабуға тура кел­мек. Мейрамханалар же­лісі­нің иесі Юрий Құсайыновтың айтуынша, қазіргі күні мей­рам­ханалары жабық тұр. Екі жүзден аса қызметкердің ешқайсын жұ­мыстан шығармаған, бірақ ал­дағы күндері 90 пайызға жуығын демалысқа жіберуді ойлап отыр. Жұмысшыларын ары кетсе 1-2 ай ұстап отыра алады. «Жағдай түзел­месе, бизнесімді жабуым әб­ден мүмкін» дейді. Коронавирустың салдары киім сатушылардың да саудасын тұралатып жатыр. Нұрмұхаммед Әбішев Қазақстанның алты қаласында әйелдер мен балалар киімін сататын 11 дүкенді (біреуі кө­терме сауда орны) ашып, ая­ғы­нан тұрғызу үшін 10 жылын сарп етті. 76 адамды жұмыспен қам­­тып отыр. «Ешқашан, еш­кім­­нен несие алған емеспіз. Кә­­­сібімізді өз еңбегімізбен, өз кү­шімізбен көтердік. Былтырмен са­лыстырғанда сауда 35-40 пайыз­­ға төмендеді. Ал көтерме нүк­­теміздегі сауда екі есе азайды. Осы қалыпта кете берсек, алды­мен жұмысшы санын, содан соң біртіндеп дүкендерді де қыс­қар­ту­ға мәжбүр боламыз», – дейді ол. Бетон зауыты бар Жасұлан Ді­­ніс­танов та облыстан шикі­зат кір­гізе алмай қиналып отыр­ға­нын, жұмысшыларды ары кетсе 1-2 ап­та ғана ұстай алатынын айтады. Бизнес консалтингпен ай­на­­­лысатын кәсіпкерлер де ты­ғы­рыққа тіреле бастады. Се­бе­бі олар тренинг сапасын арт­­тыру үшін кәсіби тренерлерді шет­ел­ден шақыратын. «Сәуір айында шет­елдіктер келе алмайды. Тағы бір шартқа қол қойып жатырмыз, орындалу мерзімі – бір жыл. Оның да болар-болмасы белгісіз. Тұрақ­ты клиенттер тапсырысын кейін­ге қалдырып жатыр. Ко­ро­новирус ұзаққа созылса, ди­­­версификация жасауымыз мүм­кін», – дейді Дастан Мұсабеков. 600 адамды жұмыспен қамтып отыр­ған Медет Құрманов такси қыз­метін ұсынады. Табыс 35 пайыз­­ға төмендегенін айтады. «Жұ­­мысшылардың 20 пайызын бо­­саттым, жағдай жақсармаса, жұ­­мысшылардың 30 пайызын де­ма­лысқа жіберемін. Қалғанымен 3 ай жұмыс істеуге болады. Банк­ке төлемдерді кейінге ше­геру­ді сұрап өтініш бердік. Егер банк­тен оң жауап келмесе, он­да таксопарктің бір бөлігінің жұ­мы­сын тоқтатуға тура келеді», – дейді.  

Антисептик өндір, маска тік

Төтенше жағдай жариялан­ға­лы бері азық-түлік пен медици­на­лық құралдарға, соның ішін­де антисептик құралдар мен мас­каға, тіпті дәретхана қа­ға­зы­на сұраныс көбейген. Сәй­ке­сінше аталған заттарды шы­ғара­тын кәсіпорындар жұмысы қы­за бастады. Мысалы, Жам­был облысының Жамбыл ауда­нын­дағы Айша бибі ауылында орналасқан Super Pharm фар­­­мацевтикалық зауыты коро­на­­вирус пандемиясына байла­ныс­ты тәулік бойы жұмыс іс­теу режиміне көшкен. Бинт, ба­хила, медициналық халаттар мен маскалар шығаратын зауыт­та 150 адам еңбек етеді. Кә­­­сіпорынның медициналық маскасына сұраныс күн санап артып отыр. Бұған дейін күніне 20 мың маска шығарған зауыт, өндірістік қуатын 70 мың данаға жет­кізіп, өнімдерін еліміздің бас­қа аймақтарына да өткізе бас­тады. Аталған серіктестік 2010 жы­лы ашылған екен.    width= Алматы қаласында таза ауыз­су шығарумен айналысатын Ас­қар Сәрсекеев соңғы айда сауда кө­лемі 70 пайызға құлдырағанын ай­тады. 25 қызметкердің жар­ты­сына жуығын жұмыстан бо­сат­­қан. 4 адамды демалысқа жі­­берген. «Сәуірдің ортасына дейін жұмыс істей аламыз, одан кейінгі жағдайымыз белгісіз. Сондықтан антисептик өндіруді қолға ал­сақ па деп ойландық. Оған тех­ни­­­калық мүмкіндігіміз бар. Мем­лекеттік тіркеуден өтсек, ши­кізатқа қол жеткізсек, ары қарай жұ­мыс істеп кетер едік», – дейді ол. Алайда қазіргі уақытта анти­сеп­тик өндіруші кәсіпкерлер ши­кізат мәселесі туындап жатқанын ай­тады. SONA lab компаниясының ие­сі Аслан Назарәлиевтің ай­туын­ша, шикізат болса, өндіріс тоқ­та­майды. Өкінішке қарай, шекара жабылғалы сырттан шикізат келу тоқтап тұр. «Ши­кі­зат­ты Ресейден алатын едік, шекара жабылған соң, мә­се­ле пайда бола бастады. Ши­кі­зат дегенде, бізге антисептик құя­тын пластик ыдыстар өте қа­жет. Қазақстанда шығарады, алай­да ол көлем сұранысымызды қа­на­ғаттандырмайды», – дейді ол. Ай­та кетейік, SONA lab медици­на­лық мекемелерге арналған медициналық жабдықтарды, реа­генттерді, дезинфекция құрал­да­рын шығарады. Компания тап­сырыстың көбеюіне байла­ныс­ты жұмыс уақытын ұзартқан. Енді компания антисептиктерді ұстап тұратын құрал жасауға да көшті. Өйткені антисептикке де, оны ор­нататын құралға да сұраныс күрт артқан. Ал компания күніне 2 мың антисептик ұстағыш жасауға мүм­кіндігіміз бар деп отыр. Тек ши­кізат мәселесі шешілсе дейді. Айтқандай, карантин қала­лар­дағы мейрамханалар мен дәм­ханаларға тамақ жеткізу қыз­метін ұсынуға мүмкіндік берілген. Бұл мүмкіндікті пайдаланып, тәуе­келге барғандардың өзі жабылудың алдында тұр. Елор­да­мыз­дағы «Узбечка» мейрамхана­лар желісі көп ұзамай тамақ жет­кізу қызметін тоқтатуы мүмкін. «Астанадағы 5 мейрамхана­мыз­­дың төртеуі жұмысын уа­қыт­ша тоқтатты, бесінші мей­­рам­­ханада тапсырыс қабыл­дап, тамақ жеткізумен айна­лы­сып жатырмыз. Санитар­лық нор­ма­лар­ды қатаң сақтай­мыз, тамақ жет­кізушілер медицина­лық мас­ка тағады, резеңке қол­ғап кие­ді. Соған қарамастан, қыз­мет­керлеріміз үшін алаңдаймыз. Табыс қомақты дей алмаймын. Алдағы уақытта тамақ жеткізу қызметін тоқтатуымыз мүмкін, себебі біз үшін қызметкерлердің аман­дығы маңызды», – дейді мей­рамхана әкімшісі Әли.  

Шағын қаржы ұйымдарын тарту керек

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдауда үлкен бетбұрыс байқалады. Негізгі жұмыс орындарын сақтап қалу, ШОБ-ты ынталандыру шаралары қолға алынбақ. Бірақ ол қалай жүзеге асады? Ол жағы әлі белгісіз. Әлеуметтік желіде кәсіпкерлер қауымы осы сұрақтың жауабын іздеп әлек. Бизнесті қолдау үшін бөлінетін қомақты қаржы қалай, қандай ме­ханизммен беріледі? Қолдау қар­жының мұқтаж кәсіпкерге жетуі үшін не істеуіміз керек? Бұл сұрақты экономист Мақсат Ха­­лыққа қойдық. «Бұған дейін бизнесті қолдау үшін бөлінген қаржыны негізгі оператор ретінде екінші деңгейлі банктер тарататын. Бұл жолы да солай етсе, бірқатар мәселе туындауы мүмкін. Себебі шағын және орта бизнес үшін екінші деңгейлі банктен несие алу қашанда қиын болып келген. Былтыр Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемесі 9-9,25 болып тұрған кездің өзінде банктер ШОБ-ты қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесін 18 пайызға көтерді. Бұл нақты статистика. Ал қазір Ұлттық банк пайыз­дық мөлшерлемені 12 пайызда көтерді», – дейді экономист. Оның айтуынша, кәсіпкерлер үшін мұндай пайыздық мөлшер­ле­мемен несие алып бизнес жүргізу қиын. Сондықтан алдағы уақытта оператор ретінде екінші дең­гейлі банктерді емес, шағын қар­жы ұйымдарын қарастырған жөн. Себебі олардың талабы банк­терге қарағанда жұмсақтау. Оның үстіне банктер өзінің оператор рөлін ұмытып кетеді де, бюджеттен бөлінген қаржыны өз қаржысында сезініп, кәсіпкерді жүгіртіп қояды. Пайыздық мөлшерлеме жоғары болғаны өз алдына, банктер кәсіпкерден кепіл сұрайды. «Ірі кәсіпкерлер үшін кепілге тауар қою қиын емес, сондықтан бұл қолдауды тағы да ірі кәсіп­кер­лер алып кете ме деген қауіп бар. Осы тұста Алматы қалалық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының мысалын айтқым ке­леді. Олар шағын қаржы ұйым­дары арқылы кәсіпкерлерге 2-6 пайыз аралығында несие береді. Кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі болмаса, корпорация кепіл бо­лады, бұл өте тар ауқымда жү­зе­ге асып жатыр. Сондықтан өңірлерде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары ғана емес, жергілікті билік өкілдері де шағын және орта бизнеске қаражатты шағын қаржы ұйымдары арқылы жеткізуге әрекет жасаса, кәсіпкер үшін үлкен көмек болар еді», – дейді Мақсат Халық.   Түйін:  

Нұр-Сұлтан мен Алматы мемлекеттік бюджеттің донор қалалары, бірақ жағдай ушыға берсе, бұл статустан айырылуы әбден мүмкін. Себебі карантинге жабылғалы қалада шағын және орта бизнес шатқаяқтап тұр. Коронавирустың үшінші мегаполис Шымкентке жетуі де алаңдатады. Егер ол қала да карантинге жабылса, жағдай тіпті қиындайды. Сондықтан Президент нақтылап берген тапсырманы атқарушы билік сөзбұйдаға салмай жедел жүзеге асырса екен...

 

   width= Халима БҰҚАРҚЫЗЫ