Әнші жастарға арнап ән шырқап, бақыт тіледі.
Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)
128
оқылды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі туыстарымен бірге түскен бейнежазбаны жариялап, әулетіне келін келгенін айтты.  Айтуынша, бауырының ұлы үйленген.

Әнші жастарға арнап ән шырқап, бақыт тіледі. 

"Анамның немересі үйленді. Келінді анамның қара шаңырағына әкеліп түсірдік. Құтты келін болсын! Жастар бақытты болсын!", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, ақ тілегін арнап жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.