Өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Елімізде бір күнде 12 орман өрті тіркелді
Фото: ТЖМ
128
оқылды

17 тамызда Республика бойынша 12 орман өрті тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Өңірлер бойынша: 

* Шығыс Қазақстан облысы – 1 өрт; 

* Ақтөбе облысы - 1 өрт; 

* Қарағанды облысы – 2 өрт; 

* Қарқаралы МҰТП – 2 өрт; 

* Катон-Қарағай МҰТП – 1 өрт; 

* Ертіс орманы МОТР – 2 өрт; 

* Бурабай МҰТП - 1 өрт; 

* Семей орманы МОТР – 2 өрт. 

Өрт ошақтары РМҚК «Қазавиаорманқорғау» әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында дер кезінде анықталды. 

Өрттерді сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» күштері мен қажетті техника жұмылдырылды. 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

“Өрт қауіпті кезеңде азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз», - деді Экология министрлігінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.