«Ақ жол» партиясы жас отбасыларды баспанамен қамту үшін ипотека мөлшерлемесін бала санына қарай субсидиялау, ал төрт баласы бар отбасылардың несиесін толық жабу бастамасы таныстырды.
«Ақ жол» партиясы 4 баласы бар отбасылардың несиесін толық жабу бастамасын көтерді
фото: «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметінен алынды
144
оқылды

«Ақ жол» партиясының Астанадағы сайлауалды штабы «Астана-Теплотранзит» кәсіпорнының 140-тан астам қызметкерімен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесуде «Ақ жол» партиясының өкілдері халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталған нақты бастамаларын ортаға салды.

Атап айтқанда, ең төменгі жалақы, зейнетақы мен жәрдемақыны ресми АЕК-ке байламай, нақты тұтыну себеті мен шынайы күнкөріс деңгейіне қарай есептеуді ұсынды.

Сондай-ақ МӘМС жүйесінде әр азаматқа дербес шот ашып, емдеу ақысын тек салымшының рұқсатымен төлеу тетігі сөз болды.