Ортақ мақсат – халықтың нақты мәселелерін тыңдап, оларды шешуге бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру. Еңбек адамына мүмкіндік, ауылға қолдау, өңірге даму – «Ауыл» партиясының басты ұстанымы.
«Ауыл» партиясының Шымкенттегі жүздесуі: еңбек пен халық үні
фото: «Ауыл» партиясының баспасөз қызметінен алынды
121
оқылды

«Ауыл» партиясының Сайлауалды штабының Шымкентке сапары барысында «ALSERA KZ» жылыжай кешені мен «Қазығұрт – юг» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті , - деп хабарлайды Aikyn.kz. «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Асар» шағын ауданының тұрғындарымен кездесуде әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту және инфрақұрылымға қатысты ұсыныстар тыңдалды.

Сонымен қатар «Ауыл» партиясының өкілдері агроөнеркәсіп, өндіріс, инфрақұрылым және еңбек адамына қолдау көрсету мәселелері талқыланды. 

«Асар» шағын ауданының тұрғындарымен кездесуде әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту және инфрақұрылымға қатысты ұсыныстар тыңдалды.

Сондай-ақ жастардың қатысуымен «Таза Ауыл» экологиялық акциясы өтіп, Қайнар-Бөржар бұлағының аумағы тазартылып, бұлақтың көзі ашылды.