«Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалы өңірдегі үгіт-насихат жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл жолы партия белсенділері Хромтау ауданы көшесін аралап, тұрғындармен тікелей тілдесті.
Еріктілер аудан халқымен ашық диалог орнатып, экология, қоршаған ортаны қорғау сынды елді алаңдатқан өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Тұрғындар да үнсіз қалмады. Ұсыныс-тілектері айтып, шешу жолдарын талқылады.
«Байтақ» партиясының өкілдері мұндай кездесулердің маңызды екенін айтады. Жергілікті халықтың пікірін естіп, нақты мәселелерді анықтау сайлауалды жұмыстың маңызды бөлігі, – дейді.
Хромтау ауданындағы белсенділер сайлауалды науқан аяқталғанша тұрғындармен тікелей байланысты жалғастыра бермек.
Түпқараған музейінде сайлауалды кездесу өтті
Сайлауалды науқан аясында «Байтақ» жасылдар партиясы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына барды. Бұл жолғы кездесу орталық музейде өтті. Шараға филиалының төрағасы Аллаберген Қонарбаев, саяси кеңес мүшесі Данияр Аралбаев және Құрылтай депутаттығына кандидат Тайр Сағымбаев қатысты.
«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері сайлауалды бағдарламаның басты бағыттарын таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамның тұрақты дамуы.
Еркін форматта өткен жиында музей қызметкерлері белсенді болды. Олар ұсыныстарын ортаға салып, өздерін толғандырған түйткілдерді көтерді. Сұрақ-жауап қызықты әрі түрлі ақпаратқа толы болды.
Тараптар қоғамның түрлі саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешудің маңызын айтты. Партия өкілдері тұрғындар және еңбек ұжымдарымен тікелей кездесу сайлауалды жұмыстың маңызды бөлігі екенін атап өтті.
