Бейнежазба авторы Ангелина Ванинаға сот шешімімен 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Астанада әдепсіз мазмұндағы видео жариялаған шетел азаматына айыппұл салынды
141
оқылды

Полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісінде әдепсіз сөздер мен қоғамдық тәртіп нормаларын бұзатын сөз тіркестері бар бейнежазбаны жариялаған 25 жастағы шетел азаматын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бейнежазба Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан Триумфалды арка аумағында түсірілген. Кейін бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған.

Бейнежазба авторы Ангелина Ванинаға сот шешімімен 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, әдепті мінез-құлық танытуға шақырады. Құқыққа қайшы немесе қорлайтын мазмұндағы контентті жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.