Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті.
Пәкістандағы Президент кубогы: Қазақстан қоржынына екі медаль түсті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
131
оқылды

Бүгін Пәкістанның Лахор қаласында таеквондодан дәстүрлі «Президент кубогы» халықаралық турнирі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, жарыстың алғашқы күні Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті. Әйелдер арасында 49 кг дейінгі салмақта сынға түскен екі спортшымыз - Рита Бакишева мен Нұрай Бауыржанова қола жүлдегер атанды. Отандастарымыз аса тартысты өткен жартылай финалда қарсыласқа жол берді. 

Айта кетейік, биылғы дүбірлі додаға әлемнің 49 елінен 427 спортшы қатысып жатыр. Жарыс 20 тамызда мәресіне жетеді. Қазақстан командасы сапында 15 таеквондошы бақ сынайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.