Астанада 19-22 тамыз аралығында А. Кравцов көшесінің Ш. Уәлиханов көшесінен Ж. Ташенов көшесіне дейінгі аралығында жолдың жоғары қабатын салу жұмысы жүргізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
