Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдар мен метролар (24,7%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,4%) және тұрғын үйлердің (13,4%) құрылысы алады.
Қазақстанның 18 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі байқалды
Фото: iStock
134
оқылды

2026 жылғы қаңтар-шілдеде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,3%-ға өсіп, 5 061,1 млрд теңгені құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айта кетейік, республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 90,1%, шетелдік – 9,2%, мемлекеттік – 0,7% орындалды. 2026 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстары көлемінің 2025жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда өсуі имараттарды салу және жөндеу жұмыстарына (19,5%) байланысты.

Аумақтық бөліністе республиканың 18 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау облысы (3 есе), Қызылорда (34,9%), Павлодар (32%), Атырау (27,9%), Түркістан (25,7%), Шығыс Қазақстан (24,5%), Абай (23,1%), Қостанай (22,3%), Батыс Қазақстан (17,3%) және Жамбыл облыстарында (14,7%), Алматы қаласында (23,3%) байқалады. 2026 жылғы қаңтар-шілдеде пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 12 339 мың шаршы метрді құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 3,9% көбейді, 9 746 мың  шаршы метрді құрады, олардан 6 546,4  мың шаршы метр – көппәтерлі және 3 157,9 мың шаршы метр – жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 9 289,5 мың шаршы метрді немесе 95,3%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 3321,3 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

2026 жылғы қаңтар-шілдеде білім беру және денсаулық сақтау саласында 18 090 оқу орнына арналған 32 жалпы білім беретін мектеп, 4 207 орынға арналған 32 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 198 келіп-кетушіге арналған 6 амбулаториялық-емханалық ұйымдар, сондай-ақ ауруханаға 120 төсек-орын қосымша пайдалануға берілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.