Кәмшат Жолдыбаева Ақтөбеге келін болып түскенін айтты.
"Орамал тағып, сәлем саламын": Кәмшат Жолдыбаева келіндік өмірі туралы айтты (видео)
Фото: әлеуметтік желі
111
оқылды

Әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева Хабар арнасындағы “Оян” бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі жеке өмірі, отбасы туралы айтты. Сонымен қатар сәбилі болғанын растады. Алайда қызының есімін құпия ұстауды жөн көретінін айтты. 

“Жеке өмірімді жариялай бермейтінмін. Өйткені ол – менің алтын қазынам, мен үшін өте құнды. Жолдасымның да ұстанымы сондай. Бұйыртса, балаларымыз өскенде көпшілікке танылғымыз келеді десе, жағдай өзгеруі мүмкін. Бұл – олардың өз құқығы”, – дейді әнші.

Кәмшат Жолдыбаева Ақтөбеге келін болып түскенін айтты. Ол жаққа барғанда дәстүр бойынша, орамал тағып, сәлем салатынын жеткізді.

“Қайын жұртым Ақтөбеде. Ағайын-туыстың көбі сол жақта. Біз Алматыда тұрамыз. Ақтөбеге барсақ, бір апта немесе он күнге ғана барамыз. Сол күндері жеңгемін, келінмін, басыма орамал тағып, сәлем саламын. Қалған өмірім осында, Алматыда өтіп жатыр”, – дейді Кәмшат Жолдыбаева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.