Балық аулау кезінде баланың қолына қармақтың ілгегі кіріп кеткен.
Қолына қармақ ілмегі кіріп кеткен балаға астаналық Ұлттық ұлан сарбазы көмекке келді
Фото: iStock
195
оқылды

Патрульдік-бекеттік қызмет атқару барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Дамир Қарсыбай көмекке мұқтаж баланы байқап қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белгілі болғандай, балық аулау кезінде баланың қолына қармақтың ілгегі кіріп кеткен. Әскери қызметші балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасын шақырды.

Ұландықтың уақытылы әрі сауатты әрекетінің арқасында балаға қажетті медициналық көмек жедел көрсетілді. Кейін оқиға орнына баланың анасы келді. Ол ұлына көрсеткен көмегіне назар аударып, бейжай қалмағаны үшін Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне алғысын білдірді.

Бұл жағдай әскери қызметшінің өз міндетіне мұқият әрі жауапкершілікпен қарайтынының жарқын үлгісі болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.