Эфирде екі блогер боғауыз сөз бен әдепсіз ән айтқан болатын.
Әлеуметтік желідегі әдепсіз сөз: екі блогер жауапқа тартылды
www.istockphoto.com
128
оқылды

Қазақстанда әлеуметтік желілерде әдепсіз сөздер қолданғаны үшін екі блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

КТК телеарнасының мәліметінше, Қызылорда облысының 36 жастағы тұрғыны тікелей эфир кезінде жазылушыларымен эмоцияға беріліп сөйлесіп, боғауыз сөз айтқан.

Ер адамның бұл сөздерді ішімдік ішкен күйде айтқаны анықталды. Сот оның әрекетін қарап, 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды. Енді блогер көшелерді сыпырады.

Сонымен қатар  бұған дейін полиция Астананы тамашалауға келген 25 жастағы шетелдік әйелдің әрекетіне де баға берген.

Ол Есіл жағалауындағы "Мәңгілік ел" қақпасының маңында ән айтып, оны видеоға түсірген. Әннің белгілі сөздерін әдепсіз сөздермен ауыстырған. Сот бұл контентті қоғамдық мораль қағидаларына қайшы деп танып, орындаушыға 86 500 теңге көлемінде айыппұл салды.

Қоғамдық орындарда, сондай-ақ тікелей эфирде немесе интернеттегі түрлі жарияланымдар мен сөз сөйлеулер кезінде боғауыз сөз қолдану ұсақ бұзақылық ретінде сараланады, деп мәлімдеді Петропавл қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдын Ахмағамбетов.