Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Жаңа Қазақстан: Құрылтай сайлауы – азаматтардың дауысы» атты дөңгелек үстел өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ЖСДП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға қоғам белсенділері, ҮЕҰ-ның басшылары, қала тұрғындары мен журналистер қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыптары жергілікті өзін-өзі басқару реформасы, депутаттардың есеп беруі және кірістерді бөлудің қолданыстағы экономикалық моделіне қатысты өткір пікірлер көтерілді.
ЖСДП облыстық филиалының төрағасы Александр Павлов төрт күндік жұмыс аптасына көшу бастамасын қызу талқыланып жатқанын сөз етті.
Оның айтуынша, еңбекақыны тек атқарылған жұмыс көлеміне пропорционалды түрде төлеуді көздейді.
— Ұлттық статистика бюросының деректер бойынша, Қазақстанда жалпы ішкі өнімдегі еңбек ақысының үлесі небәрі 30 пайыз шамасында екен. Экономикасы дамыған елде бұл көрсеткіш шамамен екі есе жоғары.Ел экономикасы тапқан әрбір үш теңгенің тек бір теңгесін жалдамалы жұмысшы алады, ал екі теңге капитал иелеріне кетеді. Қазақстанның еңбек өнімділігі бойынша артта қалуы азаматтардың аз жұмыс істейтіндігімен емес, заманауи технологиялардың тапшылығы мен игіліктердің әділетсіз бөлінуімен байланысты. Жұмыс сағатының ұзақтығы бойынша Қазақстан алдыңғы қатарлы мемлекеттерден кем түспейді.
«Қазақстанда шын мәніндегі төрт күндік жұмыс аптасы — табысты төмендетпейді. Бірақ ол жоғарыдан берілетін сыйлық емес, сіз бен біздің ұйымшылдығымыздың нәтижесі болуы тиіс», — деді филиал төрағасы.
ЖСДП өкілдерінің пікірінше, кірісті әділ бөлуге тек күшті кәсіподақтар, шынайы ұжымдық шарттар және белсенді әрекеттер кезінде қол жеткізуге болады. Ендігі басты міндет — еңбек ақысының үлесін арттыру жөніндегі мемлекеттік уәделердің тек қағаз жүзінде қалып қоюына жол бермеу.
Спикер саяси өмірге араласудан бас тартуды «саяси енжарлық салығы» деп атады.
«Бұл салықтың мөлшері — аптасына шамамен бір жұмыс күні. Жылына қырықтан астам күн, бір сөзбен айтқанда өміріңізді сіз жасаған қызметіңіздің үштен екісін онсыз да иеленшілерге сыйға тартасыз», — деді Павлов.
Еңбек адамының құқықтарын қорғаумен қатар, іс-шарада ұсынылған партияның бағдарламаның өзегін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейту талабы құрады.
ЖСДП тұрғындардың бақылауындағы бюджет, абаттандыру мәселелеріне қала тұрғындарының тікелей қатысуы және сайланған депутаттардың нақты жауапкершілігі үшін әрекет етеді. Ашық диалогтың қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныстары қамтылған қарар әзірлену қолға алынды.
