Жақында 24KZ телеарнасында өткен сайлау науқанының қорытынды дебатына 7 партияның көшбасшысы қатысып, ұстанымдары талқыланды. Соның «Ауыл» партиясының бастамалары таныстырылып, ел арасында шешімін тапқан мәселелері қозғалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Біздің күшіміз – тұрақтылықта. Біздің ұстанымымыздың өзегінде адам, еңбек, туған жер және қуатты Қазақстан бар. «Ауыл» – тек ауылдың партиясы емес. Бұл – ауылды дамыту арқылы бүкіл Қазақстанның болашағын ойлайтын партия, – деді «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов.
Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов өңірлерді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы өнімдерін ел ішінде өңдеу, отандық өндірісті күшейту мәселелеріне тоқталды. Әсіресе «Ауыл» партиясы ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауыл халқын қолдау бағытында жұмыс істеп жатыр.
– Мәселен, бұл бағытта «Ауыл» партиясы 3 негізгі бағытты ұсынып отырмыз. Біріншіден, жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау қажет. Ауыл тұрғындарының үй іргесіндегі мал, құс өсіруі және басқа да өнім өндіруі отбасының тұрақты табыс көзіне айналуы керек. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау мен қаржыландыру тетіктерін күшейту қажет.
Екіншіден, «Ауыл» партиясы ауылда тез табыс әкелетін шағын кәсіп түрлерін дамыту керек деп санайды. «Ауыл» партиясы бұл бағыттағы жобаларды 2024 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Мәселен, өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданындағы отбасыларға 115 мың қаз балапаны, ал биыл 5 ауданның тұрғындарына 98 мың балапан таратылды. Бұл тәжірибені «Ауыл» партиясы «Бір ауыл – бір өнім» қағидаты негізінде басқа да кәсіп түрлерін қолдауға қолдану қажет деп санайды.
Үшіншіден, «Ауыл» партиясы үшін шаруашылықтарды кооперацияға біріктіру маңызды. Ауыл тұрғындары бірігіп, өнімді бірге өндіріп, өңдеп және сатса, шығын азайып, өнімді тиімді бағамен өткізуге мүмкіндік артады. Сондықтан «Ауыл» партиясының бағдарламасында кооперация мәселесіне ерекше мән беріліп, оны жүзеге асырудың нақты тетіктері қарастырылған. «Біздің басты мақсатымыз – ауылдағы әр отбасының табысын арттыру, ауыл тұрғындарына тұрақты табыс табуға мүмкіндік жасау», – деді «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов.
Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығы салаларын жаңғырту және өнімді терең өңдеу бағытында «Ауыл» партиясы істеп жатқан жұмыстарын атап өтті.
– «Ауыл» партиясы бұл бағытта екі негізгі мәселеге басымдық береді. Біріншісі – астықты терең өңдеу. Қазақстан тек астық пен ұнды экспорттап қоймай, қосылған құны жоғары өнімдерді шығаруы керек. Астықты терең өңдеу арқылы глютен, крахмал, глюкоза, этанол және басқа да өнімдер өндіруге болады. Бұл үшін заманауи технологиялармен жабдықталған жаңа өңдеу кәсіпорындарын салу қажет. Әсіресе биыл астық бағасының төмендеуін ескерсек, шикізатты экспорттаумен шектелмей, оны терең өңдеп, жоғары қосылған құны бар өнім ретінде сыртқы нарыққа шығару маңызды.
Екіншісі – тұқым шаруашылығын дамыту. Бүгінде Қазақстан бірқатар дақылдардың тұқымын шетелден импорттайды. Бидай, арпа, тритикале, картоп және басқа да дақылдардың тұқымдары Нидерланд, Германия секілді елдерден әкелінеді. Сондықтан «Ауыл» партиясының төрағасы ретінде өзіміздің тұқым шаруашылығын күшейтіп, отандық селекцияны дамытуымыз керек. Климаттың өзгеруі мен жыл сайынғы құрғақшылық жағдайында Қазақстанға жергілікті табиғи жағдайларға бейімделген, өнімділігі жоғары жаңа сорттарды өз ішінде шығару аса маңызды.
«Ауыл» партиясының мақсаты – ауыл шаруашылығын тек шикізат өндіретін сала емес, жоғары қосылған құн қалыптастыратын, заманауи әрі бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешеніне айналдыру қажет, –дейді «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов.
«Ауыл» партиясының төрағасының айтуынша, елдің болашағы әр өңірдің, әр ауылдың және әр отбасының дамуына байланысты. Сондықтан «Ауыл» партиясының негізгі мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін күшейту.
Мысалы Алматы қаласында ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың сайлауалды науқаны аясында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов «BRB APK» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге «Ауыл» партиясының атынан ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Ахметбек Қоңырбаев, Айбек Қуатбаев, Айнур Ыдрысова және Алмас Мухаметов қатысты.
Әсіресе, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау, өнімнің өзіндік құнын төмендету, кәсіпкерлер үшін тұрақты әрі болжамды жұмыс жағдайын қалыптастыру және ірі қалалар маңында азық-түлік белдеуін дамыту мәселелері көтерілді.
«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов азық-түлік қауіпсіздігінің негізі — халық үшін өнім өндіретін отандық кәсіпорындардың тұрақты жұмысы екенін атап өтті.
Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы өндіріс, сақтау, логистика және өткізу тізбегін қамтитын агрологистикалық жүйе құру бастамасына тоқталды.
Кездесу барысында еңбек ұжымы өндірістің өзіндік құны, мемлекеттік қолдау шаралары, әкімшілік кедергілер және ұзақ мерзімді жоспарлау мәселелері бойынша ұсынысын білдірді. Айнұр Ыдрысова «Ауыл» партиясының отандық өндірушілердің мүддесін қорғауға бағытталған сайлауалды бағдарламасының 19-тармағына тоқталды. Онда «Ауыл» партиясы үшін кәсіпкерлер үшін тұрақты әрі түсінікті бизнес жүргізу қағидаларын қалыптастырудың маңызын атап өтті.
«Ауыл» партиясының өкілдері өндірушілердің практикалық тәжірибесі мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру кезінде ескерілуі тиіс екенін жеткізді.
«Ауыл» партиясының тағы бәр ұстанымы: еңбек адамын қолдау, жастарға білім, жұмыс және баспана мәселелерін шешуге мүмкіндік жасау, ауыл мен қалаға бірдей мүмкіндіктер беру.
Соның бірі «Ауыл» партиясының ауылдағы қарапайым отбасының табысы көтеру. «Ауыл» партиясының көшбасшысы ауылдың дамуын тек ауыл шаруашылығымен байланыстыру дұрыс емес екенін атап өтті.
– Ауылдың әл-ауқаты - тұтас өңірдің экономикасына, халықтың жұмыспен қамтылуына, отбасы табысына, өндіріс пен қайта өңдеудің дамуына тікелей әсер ететін мәселе. «Ауыл» партиясының тағы бір бағыты: ауыл тұрғындарының табысын көбейту. Оның нақты жолдары ретінде «Ауыл» жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдауды, отбасылық кәсіпті өркендетуді және шаруалардың кооперацияға бірігуіне жағдай жасауды ұсынады, – деді «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов.
«Ауыл» партиясы еліміздегі ауыл шаруашылығы жаңа дәуірге қадам басуы керек деп санайды.
«Бүгінгі ауыл шаруашылығы - тек трактор мен егістік емес. Бұл - IT, жасанды интеллект, жаңа технология, заманауи техника және терең өңдеу. Біздің мақсатымыз - әр гектар жердің өнімділігін арттырып, өндірілген әр килограмм өнімнен көбірек пайда табу», - деді «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов.
«Ауыл» партиясы отандық аграрлық ғылымды күшейтуді, ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды кеңінен енгізуді, шетелдік тұқымға, техника мен асылтұқымды малға тәуелділікті азайтуды және шикізатты сыртқа шығармай, өнімді ел ішінде терең өңдеуді ұсынып отыр. Сондықтан «Ауыл» партиясының Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Цифрландыру жылы» аясында ауыл жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Auyl Jastary» жобасы бар. «Ауыл» партиясы ұйымдастырған бұл шара ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты жойып, жаңа буын мамандарының технологиялық бәсекеге қабілеттілігін нығайтуды көздейді.
«Ауыл» партиясының көшбасшысы жаңа құқықтық архитектура аясында жастардың мемлекеттік басқару мен реформаларды іске асырудағы белсенділігі саяси сауаттылықты арттырудың негізгі факторы ретінде қаралатынын жеткізді.
«Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Ғалымжан Құсманғали елімізде жүріп жатқан ауқымды саяси жаңғыруларға тоқталып, Конституциялық реформалардың маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан Конституциялық реформалар -«Әділетті Қазақстанды» құрудың берік құқықтық негізі болды. Бұл өзгерістер тек заңнамалық жаңарту емес, бұл - азаматтардың мемлекетті басқару ісіне араласуына жол ашқан жаңа саяси мәдениеттің бастауы. Бүгінгі цифрлық дәуірде жастар осы реформалардың басты қозғаушы күші әрі белсенді қатысушысы болуы тиіс», - деді «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Ғ. Құсманғали.
Осы сала боынша цифрлық технологияның шынайы мүмкіндіктері талқыланып, интернеттегі жеке деректерді қорғау және кибергигиена мәдениеті қозғалып, ИИ технологиялардың рөлін сарапталды.
Алматы қаласында ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың сайлауалды науқаны аясында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғановтың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғалымдармен және мамандармен кездесуінде аграрлық ғылымды дамыту, селекция мен тұқым шаруашылығын жетілдіруді көтерді. Оған қоса, «Ауыл» партиясы сондай ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу, қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру және жас кадрларды даярлау мәселелері талқылады.
Іс-шараға ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттары ретінде «Ауыл» партиясының мүшелері Ахметбек Қоңырбаев, Айбек Қуатбаев, Айнұр Ыдырысова және Алмас Мұхаметов қатысты.
«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов азық-түлік қауіпсіздігі мен технологиялық тәуелсіздіктің негізі отандық ғылым мен өндірісте екенін атап өтіп, ғылыми идеядан бастап оны өндіріске енгізуге дейінгі толыққанды жүйені қалыптастыру қажеттігін айтты. Ғалымдар мен АӨК мамандары саланың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарын білдірді.
«Ауыл» партиясының төрағасы олардың пікірі мен ұсынысы партияның сайлауалды бағдарламасын нақтылау және алдағы жұмыста ескерілетінін атап өтті.
«Азық-түлік тәуелсіздігі өз ғылымымыздан басталады. Ал технологиялық тәуелсіздік — өз білімімізді өз өндірісімізге айналдыра алу қабілетінен бастау алады», — деп түйіндеді «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов.
Сондай-ақ басқосуда «Ауыл» партиясы мақсаты отандық аграрлық ғылымды дамыту, селекциялық әлеуетті нығайту, импорттық тұқымға тәуелділікті азайту және ауыл шаруашылығы өндірушілерін сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов азық-түлік қауіпсіздігі өз тұқымымызды, ғылымымызды және отандық әзірлемелерді дамытуға тікелей байланысты екенін атап өтті.
Сонымен қатар аграрлық ғылымды ұзақ мерзімді қаржыландыру, тәжірибелік шаруашылықтарды жаңғырту, цифрлық агротехнологияларды енгізу және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылды.
