Respublica партиясының сайлауалды штабы Астанадағы «Олимп» зертханасы, «Алкон Плюс» сынды бірнеше кәсіпорынның ұжымымен кездесіп, оларды толғандырып жүрген мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Respublica: энергетикалық жабдықтан бастап, қолжетімді баспана мен сапалы медицинаға дейін
фото: Respublica партиясының баспасөз қызметінен алынды
132
оқылды

Кәсіпорын басшысы Асқар Сыздықов Respublica партиясының мүшелері өндіріс барысын таныстырды. Мұнда металл корпустар, 10 және 20 кВ вакуумдық ажыратқыштар мен ұяшықтар шығарылады. Кәсіпорын өз әзірлемелерін де дамытып келеді. Солардың бірі — 2017 жылдан бері Астанада қолданылып келе жатқан 20 кВ ұяшығы.

Құрылтай депутаттығына кандидаты ретінде Respublica партиясының өкілі Тахмина Нағуманова отандық өндірісті қолдау Respublica партиясының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Сіздер жай ғана жұмыс істеп отырған жоқсыздар. Өнім шығарып, адамдарды жұмыспен қамтып, ел бюджетіне үлес қосып отырсыздар. Сондықтан отандық бизнестің мүддесі экономикалық саясаттың өзегінде болуы керек», — деді Respublica партиясының өкілі.

Respublica партиясының Түркістан облыстық филиал төрағасы Бекжан Айтқұлов өндіріс саласында 14 жыл жұмыс істеген маман ретінде кәсіпкерлер үшін өнім өндірумен қатар, оны өткізу нарығын табу да маңызды екенін айтты.

«Алдымен ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп, кейін экспортқа шығуымыз керек. Сонда жаңа нарықтар ашылып, валюталық түсім артады», — деді Respublica партиясының өкілі Бекжан Айтқұлов.

Кездесуде қызметкерлер салық жүктемесі, ОСМС, кадр даярлау және тұрғын үй мәселелерін де көтерді. Respublica партиясының өкілі Сәкен Карин әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру қажеттігін айтса, Даурия Байқонова медициналық сақтандыру төлейтін азаматтардың меншік нысанына қарамастан сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігі болуы керек екенін атап өтті.

Respublica партиясы білім мен еңбек нарығының байланысын күшейту мәселесінде  дуалды оқытуды дамыту, кәсіпорындардың маман даярлауға қатысуын арттыру және технологиялық өзгерістерге сай мамандықтар Атласын жаңарту қажеттігін айтты. Respublica партиясының мүшесі Екатерина Смолякова бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді ұсынды.

Respublica партиясының назарынан жас мамандар үшін қолжетімді тұрғын үй де назардан тыс қалмады. Тохтар Болысов ірі қалаларда жас мамандарға арналған қолжетімді жалдамалы тұрғын үйді дамыту қажеттігін атап өтті.

Кездесу өндіріс, салық, медицина, білім және тұрғын үй мәселелерінің бір-бірімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Respublica үшін экономиканы дамыту — ең алдымен, өз еңбегімен елдің дамуына үлес қосып жүрген адамдарға мүмкіндік жасау. 

Сонымен қатар, Respublica сайлауалды штабының өкілдері партиядан Құрылтай депутаттығына кандидат, дәрігер Ерлан Сүлейменовке тиесілі «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханаларының жұмысымен танысты. Кешенінің құрылғанына 20 жылға жуық уақыт ішінде небәрі үш анализатордан басталған шағын зертхана үш ғимараттан тұратын заманауи зертханалық кешенге айналды. Мұнда клиникалық-диагностикалық, молекулалық-генетикалық, ПТР, бактериологиялық, иммуногистохимиялық және хромато-масс-спектрометрия зертханалары жұмыс істейді.

Respublica партиясының мүшесі, дәрігер Ерлан Сүлейменовтің айтуынша, бүгінде кешен тәулігіне шамамен 10–13 мың өтінім қабылдап, 35 мыңға жуық зерттеу жүргізеді. Ол алты филиалдың жұмысын орталықтандырылған түрде қамтамасыз етеді.

– Зертханадағы көптеген үдеріс автоматтандырылған. Жүйелер биоматериалдарды өздігінен тиісті бағыттарға бөліп, үлгілердің сапасын бағалайды. Екі преаналитикалық жүйе сағатына 1 400-ге дейін сынауықты өңдей алады. Зерттеу нәтижелері зертханалық ақпараттық жүйеге түседі. Одан кейін мамандар деректерді тексеріп, қосымша зерттеу қажет пе, жоқ па – соны анықтайды.

Биоматериалдың сақталуына да ерекше мән беріледі. Онкологиялық аурулар кезінде арнайы блоктар биоматериалды 15 жылға дейін сақтауға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда сақталған материалды қосымша зерттеу жүргізуге немесе диагнозды нақтылауға пайдалануға болады, деді Respublica партиясының өкілі.

Астананың өзінде «Олимптің» 90-нан астам процедуралық кабинеті бар. Үйге барып қызмет көрсететін бригадалар күн сайын, оның ішінде жексенбіде де жұмыс істейді. Зертхана сондай-ақ медициналық көмектің тегін көлемі аясында қызмет көрсетіп, қалалық емханалар мен стационарларға зертханалық диагностика жүргізеді.

Кездесуде нейрохирург, Respublica партиясының атынан  Құрылтай депутаттығына кандидатығына ұсынылып отырған Айдос Доскалиев денсаулық сақтау саласындағы екі жүйелі мәселеге тоқталды. Оның айтуынша, бұл – кадр тапшылығы және өңірлердің заманауи диагностикалық жабдықтармен біркелкі қамтамасыз етілмеуі.

Медицина саласында мейірбике болып жұмыс істеген тәжірибесі бар Даурия Байконова медициналық қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайын жасаудың маңызын атап өтті. Оның пікірінше, білікті мамандарды даярлап қана қоймай, олардың медицинада қалуына мүмкіндік беретін жағдай қалыптастыру қажет.

Respublica партиясының төрағасы орынбасары Олжас Куспеков Respublica командасында түрлі саланың мамандары, соның ішінде медицина өкілдері бар екенін атап өтті. Respublica партияға бизнестің де, денсаулық сақтау жүйесінің де нақты мәселелерін іштен түсініп, оларды Парламент деңгейінде көтеріп, тиісті шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Кездесудің негізгі түйінінде Respublica партиясының өкілі «Қазақстанда заманауи зертханалық диагностикаға қажетті технологиялар мен білікті мамандар бар. Ендігі міндет – осындай сапалы диагностиканың мүмкіндігін елдің барлық өңіріндегі тұрғындарға бірдей қолжетімді ету» деді ол.

Оған қоса, Астанада Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров елордалық жас белсенділермен кездесті.

Ашық әңгімеде Respublica партиясының өкілдеріне жастар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, болашақ, мамандық таңдау, өзін-өзі дамыту және қоғамдық-саяси өмірге араласу туралы сұрақтарын қойды.

Жастардың бірі – саясаттан алыс қатарластарын қоғамдық іске қалай тартуға болатынын сұраса, енді бірі саясатқа енді қадам басқан жастарға қандай кеңес берерін білгісі келді. Respublica партиясының мүшелері ел өңірлеріне жасаған сапарлары, жастардың өз жолын табуы және таңдаған мамандығында табысты болуы туралы да әңгіме өрбіді.

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров жастарды өз күшіне сеніп, бастамадан қорықпауға шақырды.

«Өз күштеріңізге күмәнданбаңыздар. "Сендер әлі жассыңдар, араласпаңдар, талпынбаңдар" деген сөзге ермеңіздер. Ешкімге қарамай, өздеріңіз әрекет етіп, байқап көріңіздер. Өзіңізге, достарыңызға, пікірлес азаматтарға сенсеңіздер, алынбайтын асу жоқ. Қолдарыңыздан бәрі келеді», – деді Respublica партиясының төрағасы.

Respublica партиясының төрағасы өңірлерге сапар барысында көптеген жаспен кездескенін айтты. Олардың қатарында жұмысшылар да, түрлі сала мамандары мен белсенді жастар да бар. Жастар елдегі мәселелерге бейжай қарамай, өз ұсыныстары мен талаптарын ашық айтып жүр.

«Олар бізге міндет қойып отыр. Бізге сенетін, қолдайтын адамдардың көп екеніне сенеміз. Осы мәселелердің бәрін Құрылтайда көтереміз», – деді Respublica партиясының Айдарбек Ходжаназаров.

Кездесуде туған жер туралы сөз болғанда, партия төрағасы өңірлерге жасаған сапарларынан алған әсерімен бөлісті.

«Туған жердің әрбір сүйем жері мен үшін қымбат», – деді Respublica партиясының өкілі.

Кездесу соңында Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров жастарға сенім білдіріп, алдағы уақытта олардың да ел ісіне белсене араласатынына сенетінін айтты.

«Бірнеше жылдан кейін сіздер де кандидат боласыздар деп сенемін. Сонда біз бірге өңірлерді аралап, партиямыз үшін үгіт-насихат жүргізетін боламыз», – деді Respublica партиясының төрағасы.

Бүгін Астанада өткен Respublica партиясы жақтастарының жиырмасыншы форумында Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров көпірме сөзге салынбай, ашық әңгімеге көшті.

«Біз де сіздер сияқты қарапайым отбасылардан шыққанбыз. Кәсіпкерміз, мыңдаған адамға жұмыс орындарын ашып, елдің болашағы үшін жауапкершілік алып жүрміз», – деді Respublica партиясының төрағасы.

Форум барысында Respublica партияның Парламенттегі үш жылдық Respublica партиясының депутаттары 3 мың түзету ұсынып, 700 депутаттық сауал жолдады. Respublica партиясының бастамаларының қатарында 4 миллион баланы вейптен қорғауға бағытталған шаралар, букмекерлердің көшедегі жарнамасына тыйым салу, микрокредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді шектеу және ағымдағы шоттардағы қаражатқа пайыз есептеу мәселесін шешу бар.

Бұл мәселені теледебатта өткен пікірсайыста Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров VIII шақырылым Мәжілісіндегі әр депутаттың атқарған жұмысына жеке тоқталды. Respublica партиясының мүшесі Нұргүл Тау вейпке қарсы күреске және 113 жатақхана салу мәселесіне үлес қосса, Екатерина Смолякова ымдау тіліне мәртебе беру және ішкі туризмді дамыту мәселелерін көтерді.

Respublica партиясының өкілінің айтуынша, 4 миллион бала вейптен қорғалды, 40 мың сарбазға ҰБТ тапсырмай жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі берілді, фермерлерге 34 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік жасалды, ал мемлекеттік сатып алулар саласында 120 мың кәсіпкердің мүддесі қорғалды.

«Бұл жай ғана статистикадағы сандар емес. Бұл – адамдардың тағдыры. Адамдар 20 жыл күткісі келмейді. Олар қазірдің өзінде лайықты жалақы, баспана, сапалы білім мен медицинаға қол жеткізгісі келеді. Егер біз, Respublica партиясы атынан  Құрылтайға өтсек, мәселелерді айтып қана қоймаймыз – Үкіметтің алдына оларды шешудің нақты жоспарын қоямыз.Бос ұран емес, нақты іс. Еңбек – берекенің негізі. Біз  бұл берекені сөзбен емес, іспен құрамыз», – деп түйіндеді Respublica төрағасы және сайлаушыларды партияны қолдауға шақырды.

Динара Наумова Respublica партиясы қолжетімді орта қалыптастыру және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыс істеді. Ал Respublica партиясының өкілі Олжас Құспеков әскери қызметшілерге грант бөлу мәселесін көтеріп, Шақпақ-Баба асуындағы тоннель құрылысына қатысты бастамаға атсалысты.

Сондай-ақ Respublica партиясының тең төрағасы Қуаныш Шонбайдың, өндіріс саласының өкілдері Бекжан Айтқұлов пен Шолпан Абдықалықованың, дәрігерлер Айдос Доскалиев, Даурия Байқонова мен Ерлан Сүлейменовтің, ReWomen әйелдер қауымдастығы төрағасының орынбасары Айдана Тоғызбаеваның және медиа-менеджер Ерболат Мұхамеджанның еңбегі атап өтілді.

Салық мәселесіне қатысты Respublica партиясының мүшесі өз басынан өткен бір оқиғаны айтып берді.

«ҚҚС-ты 20 пайызға көтеру туралы ұсыныс болғаны есіңізде ме? Сол кезде ресторатор ағам: "Салықты төмендету үшін Айтуардан басқа ешкім күресіп жатқан жоқ", – деген еді. Бұл – 3 мың түзетудің біреуі ғана. Оның артында 16 мың қоғамдық тамақтану орны мен 150 мың қызметкер тұр», – деді Respublica партиясының өкілі Қуаныш Шонбай.

Партия төрағасының орынбасары Олжас Құспеков Respublica партиясының саясатқа келу себебіне тоқталды.

«Біз кәсіпкерміз. Саясатқа араласпай-ақ, өз тірлігімізбен тыныш өмір сүре алар едік. Бірақ балаларымыз өмір сүретін болашақтың әділетті болғанын қалаймыз. Заңдарымызды сырттан біреу келіп өзгертіп бермейді. Оларды өзіміз өзгертуіміз керек», – деді Respublica партиясының өкілі.