Қазақстанда жетекші шетелдік университеттің 33 филиалы жұмыс істей бастаған.
Қазақстан шетелдік студенттер мен ғалымдарға жол ашатын білім экожүйесін дамытып жатыр – Саясат Нұрбек
фото: баспасөз қызметінен алынды
122
оқылды

Қазақстан біртіндеп студенттердің басым бөлігін шетелде оқытудан өзінің халықаралық білім беру орталығын қалыптастыруға көшіп жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанадағы «Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға» атты National Think Tank Forum-ында сөйлеген сөзінде айтты.

Оның айтуынша, қысқа мерзім ішінде Қазақстанда жетекші шетелдік университеттердің 33 филиалы жұмыс істей бастады. Бүгінде қазақстандық жоғары оқу орындарында 92 елден келген 37 мыңнан астам шетелдік студенттер оқиды.

 Жаңа модель білім беру мен зерттеудің халықаралық стандарттарын тікелей Қазақстанға көшіруге, жастардың ел ішіндегі шетелдік білім беру бағдарламаларына қолжетімділігін кеңейтуге және бір мезгілде шетелдік студенттерді, оқытушылар мен зерттеушілерді тартуға мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің халықаралық беделі де нығайып келеді деуге болады,  деді  Министр.

Саясат Нұрбек QS World University Rankings 2026 құрамына 18 қазақстандық университет кірді, ал Назарбаев Университеті Times Higher Education нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік 401-500 университеттерінің қатарына енгенін жеткізді. 

«Біз мамандар толқынының дәстүрлі логикасын біртіндеп таланттардың ағыны мен айналымына ауыстырып жатырмыз. Қазақстан басқа елдерден студенттер мен ғалымдарды тарта алатын өзінің білім беру және зерттеудің экожүйесін дамытуда»,  деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Айтуынша, бұл процестер адами капиталды дамытудың жаңа моделіне кең ауқымды көшудің бір бөлігі болып саналады. Қазақстандағы университеттер мен жоғары оқу орындарының студенттер саны 17,6%-ға өсіп, 678 100-ге жетті. Дүниежүзілік банктің жаңартылған Адами капитал индексінде Қазақстан 161 елдің ішінде 13-орынға көтеріліп, 42-орынға орнықты.

Келесі қадам білім беру сапасын жақсарту, сұранысқа ие дағдыларды дамыту және экономикадағы адами әлеуетті тиімдірек пайдалану болуы керек. Сондықтан халықаралық білім беру орталығын құру Қазақстанның білім экономикасына көшу құралдарының біріне айналуда.