Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады.
Шымкенттегі Дендропаркте жасөспірімді пышақтап кетті
146
оқылды

Шымкенттегі Дендропаркте жасөспірімді пышақтап кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға 17 тамыз күні кешке тағам сататын дүңгіршектердің бірінің жанында болған.

Шымкент полициясы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Оқиғаға қатысушылар анықталды. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сонымен қатар жасөспірімдердің заңды өкілдерін балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады.