Полицей әйел адамның жағдайын бағалап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін абайлап жатқызып, басын қорғап, тыныс алуын бақылаған.
Полиция қызметкері есінен танып қалған әйелді құтқарды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
135
оқылды

Атырауда полиция қызметкері есінен танып қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырауда полиция қызметкері Роман Есмұханов қаладағы маркеттердің бірінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып құлаған 32 жастағы әйел адамды байқап, бірден көмекке ұмтылған.

Полицей әйел адамның жағдайын бағалап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін абайлап жатқызып, басын қорғап, тыныс алуын бақылаған. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін полиция майоры әйелдің жанынан табылып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

ІІМ баспасөз қызметі қызмет барысында азаматтардың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, қиын сәтте дер кезінде көмек көрсету полицейлердің кәсіби міндетіне деген жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.

Роман Есмұхановтың жедел әрі сабырлы әрекеті азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілгенге дейін оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.