Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Талды және Жайдақбұлақ ауылында тұрғындардың игіліне жарайтын медициналық нысандар бой көтерді.
Тұрғындар саулығына септеседі
114
оқылды

Алдымен Талды ауылында тұр­ғындарға сапалы әрі қолже­тімді медициналық көмек көр­сетуге мүмкіндік беретін жаңа медициналық пункт пайдалануға берілгенін айта кетейік. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Кеген ауданының әкімі Нұрба­қыт Теңізбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, мекеме және ұйым басшылары, ауыл ақсақалдары мен ардагерлер, аналар кеңесінің өкілдері, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары қатысты.

Медициналық пункттің ашы­луы – Мемлекет басшысы­ның халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық елді мекен­дердегі әлеуметтік инфрақұры­лымды дамыту және медици­налық көмектің қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырма­ла­рын жүзеге асыру бағытындағы маңызды қадам.

Заманауи талаптарға сай са­лынған медициналық пунктте тұрғындарға алғашқы меди­ци­налық-санитарлық көмек көр­сетіліп, профилактикалық тек­серулер жүргізіледі. Сондай-ақ аурулардың алдын алу, ана мен бала денсаулығын қорғау және шұғыл медициналық қызмет­тердің қолжетімділігін қамтама­сыз етуге мүмкіндік бар.

Жаңа нысанның іске қосы­луы Талды ауылы тұрғындарының медициналық қызмет алу үшін алыс қашыққа қатынау қа­жет­тілігін азайтып, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға жол ашады.

Салтанатты шара барысында жаңа медициналық пункттің лен­тасы қиылып, құттықтау сөз­дер айтылды. Шара аудандық көр­­­­кем­өнерпаздардың кон­церт­тік бағдарламасымен жалғасты. Тал­ды ауылындағы жаңа медици­на­лық пункт – ауыл тұрғында­ры­ның денсаулығын сақтауға және медициналық көмекті ха­лыққа барынша жақындатуға бағыттал­ған маңызды әлеуметтік нысан. 

Жайдақбұлақ ауылында да тұрғындарға алғашқы медици­налық-санитарлық көмекті қол­жетімді ету мақсатында жаңа ме­дициналық пункт ашылды. Медициналық нысанның ашылу салтанаты 2026 жылғы 19 та­мызда өтті. Бұл салтанатты ша­ра­ға да Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәс­лихат депутаттары, басқарма, мекеме және ұйым басшылары, ауданның ақсақалдары мен ар­дагерлері, аналар кеңесінің өкіл­дері, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары қатысты.

Бұған дейін медициналық қыз­мет алу үшін алыс қашыққа қа­тынауға мәжбүр болған тұр­ғын­дар үшін жаңа нысанның іске қосылуы маңызды әлеумет­тік қолдау болып отыр. Енді ауыл халқы қажетті медициналық кө­мекті өз елді мекенінде алуға мүмкіндік алды.

Ашылу салтанатында аудан әкі­мі Нұрбақыт Теңізбаев ауыл тұр­­­ғындарын жаңа нысанның пай­далануға берілуімен құттық­тап, денсаулық сақтау саласын да­мыту мен халыққа сапалы қыз­мет көр­сетудің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында жаңа ­ме­дициналық пункттің лентасы қиы­лып, ақжолтай тілектер ай­тылды. Салтанатты жиын аудан­дық көр­кемөнерпаздардың ­кон­церт­тік бағдарламасымен жал­ғасты.

Жаңа медициналық пункт­тің ашылуы Жайдақбұлақ ауы­лы­ның әлеуметтік инфра­құры­лымын нығайтып қана қоймай, тұрғындардың денсау­лығын сақтауға және медици­налық ­кө­мектің сапасы мен қол­же­тімділігін арттыруға сеп­тігін тигізеді.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ